Инновациялық оқыту тәжірибесіндегі жобалық тәсіл

“Тұран” Университетінің жоғары Ақпараттық технологиялар мектебінің оқытушылары уақытпен қатар жүреді және өздерінің педагогикалық қызметінде инновациялық тәсілдерді қолданады. Осындай тәсілдердің бірі оқытудың жобалық түрін қолдану болып табылады. Жобаларды орындау барысында білім алушылар нақты міндеттерді шешеді және тәжірибеде өткен теориялық материалды бекітеді.

 

“Интернет-кәсіпкерлік”, “Жасанды интеллект жүйелері” және “Компьютерлік модельдеу негіздері” пәндері шеңберінде “Ақпараттық жүйелер” және “Зияткерлік робототехника” білім беру бағдарламаларының 2-4 курс білім алушылары командада IT-стартаптар, жасанды интеллект элементтері бар IT-жобалар және жүйелер мен процестердің Имитациялық модельдерін әзірледі. Жобаларды әзірлеу, жіберу және қорғау инновациялық жарыстардың, хакатондар мен акселераторлардың ресейлік платформасы арқылы өтті.

 

Жобаларды қорғау нәтижелері бойынша үздік жобалар анықталып, I, II және III дәрежелі дипломдар берілді. Сондай-ақ, конкурстардың әрбір қатысушысы іріктеу кезеңдері мен финалға қатысу сертификаттарын алды.

 

Конкурстарды ұйымдастырушы – т.ғ.к., ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Ким Е.Р.

Online қабылдау