“Proggy-Buggy Towel Contest 2024” бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиада

2024 жылғы 26 қазанда “Тұран” университетінде “PROGGY-BUGGY TOWEL CONTEST 2024” бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиада өтті, оны DataART Халықаралық IT компаниясы және ақпараттық технологиялар жоғары мектебі ұйымдастырды.

 

PROGGY-BUGGY TRAVEL CONTEST – бағдарламашыларға арналған халықаралық олимпиада, оған соңғы 10 жылда 60 елден 10 мыңнан астам адам қатысты. Жыл сайын Қазақстаннан қатысушылар жүлделі орындарға ие болуда.

 

Олимпиадаға оқушылар, студенттер, бағдарлама құрастырышылар, тестілеушілер және бағдарламалардың қалай жазылатыны туралы түсініктері бар адамдар қатысты. 13 есепті шешу үшін қатысушыларға небәрі 42 минут берілді.

 

Биылғы жылы PROGGY-BUGGY TOWEL CONTEST 2024 бағдарлама әзірлеудің халықаралық байқауына әлемнің 52 елінен 1700-ден астам адам, оның ішінде 60 адам “Тұран”университетінде оффлайн режимінде қатысты.

 

Офлайн санатындағы қатысушылар арасында Лев Белоусов, Диас Аспандияров, Олег Мерешко («Team Spirit» командасы) жеңіске жетті.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Online қабылдау