Қонақ дәрісі: “Тұран” университетінің құқық жоғары мектебінде “Сот жүйесіне кадрларды іріктеу тәртібі”

2025 жылғы 13 қаңтарда “Тұран” университетінің Құқық жоғары мектебінде “Сот жүйесіне кадрларды іріктеу тәртібі” тақырыбында бітіруші курс студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті. Іс-шараға сот жүйесінің өкілдері шақырылды, олар өз тәжірибелерімен бөлісті және болашақ құқық саласындағы мамандарға құнды ұсыныстар берді. Қонақ дәрісіне шақрылған мамандар: Асимова Калбинур Турлиновна, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі департаментінің Алматы қаласы бойынша Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы; Мырзахан Дархан Ерланұлы, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі департаментінің Алматы қаласы бойынша баспасөз қызметі бөлімінің басшысы; Уәлиханова Жанара Уәлиханқызы, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы; Мадиева Гүлсара Қайдарқызы, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы. Дәріс барысында сот жүйесіне кадрларды іріктеудің негізгі аспектілері, кандидаттарға қойылатын талаптар, конкурстық іріктеуден өту кезеңдері және сот жүйесінде табысты жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби қасиеттер егжей-тегжейлі баяндалды.

Online қабылдау