2025 жылғы 21 қаңтарда «Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебі жанындағы Аймақтық зерттеулер орталығының зерттеуші-тағылымгері, Манчестер университетінің профессоры Эд Пулфорд «Шекарадағы достық: күнделікті өмірдегі қытай-ресейлік қатынастар» тақырыбында «Тұран» университетінің студенттері мен оқытушыларына лекция оқыды.
Лекция түрлі халықтардың мәдениетінде әртүрлі мазмұнға және мағынаға ие «достық» дискурсын талдауға арналды. Қытайда, Ресейде, Вьетнамда және Шығыстың басқа елдерінде жүргізілген көпжылдық далалық зерттеулер негізінде профессор Эд Пулфорд шекара маңындағы аймақтарда тұратын әртүрлі этникалық топтар арасындағы достық қарым-қатынастарды талдады. Ол әртүрлі халықтардың достық ұғымын қалай әртүрлі түсінетінін, сондай-ақ бұл ұғым мемлекетаралық қатынастар саласында қалай қолданылатынын баяндады. Ресми тұлғалар өзара әрекеттесетін тараптар бөлісетін «достық» туралы айтқанда, бұл ұғым дипломатиялық деңгейде де маңызды рөл атқарады.
«Достық» концепті әсіресе социалистік және постсоциалистік мемлекеттер арасындағы қатынастарды сипаттауда қолданылады. Сонымен қатар, басқа мемлекеттің өкілдерімен достық қарым-қатынас шекара маңындағы аймақтар тұрғындарының күнделікті өмірінде де көрініс табады, дүкендер, кафелер мен басқа да қоғамдық орындардың атауларында кеңінен қолданылады. Лекция барысында «достық» дискурсының күнделікті өмір деңгейінде де, мемлекетаралық өзара іс-қимыл макро деңгейінде де ерекшеліктері Ресей мен Қытайдың этнографиялық материалдары негізінде талқыланды.
Профессор Эд Пулфордтың лекциясы «Аймақтану» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттерімен қатар, «Тұран» университетінің оқытушылары мен зерттеушілерінің де зор қызығушылығын тудырды.
Эд Пулфорд – социализм, трансұлттық және шекарааралық қатынастар мәселелерімен айналысатын белгілі антрополог-қытайтанушы. Ол «Зазеркалье» (Mirrorlands) (2029) және «Прогресс в прошлое» (Past Progress) (2024) кітаптарының авторы.