“Ақпараттық жүйелер” білім бағдарламасының студентінің Обуда университетіндегі академиялық мобильділігі

2024 жылдың 3 қыркүйегінен 2025 жылдың 3 ақпанына дейін “Ақпараттық жүйелер” білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Алимбекова Аяулым академиялық мобильділік бағдарламасы аясында серіктес жоғары оқу орны – Obuda University-де (Будапешт қаласы, Венгрия) білім алды.

 

Алимбекова Аяулым Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты бойынша оқыды, бұл грант мемлекет тарапынан төрт негізгі шығынды жапты: ұшу (екі жаққа), тұру, медициналық сақтандыру және консулдық алым.

 

Оқу барысында Аяулым университеттің тарихымен, инфрақұрылымымен және оқу жүйесімен танысты. Сонымен қатар, ол жаңа академиялық қиындықтарды жеңе отырып, бейімделу және дербестік дағдыларын дамытты, күрделі пәндерді игеріп, жаңа технологияларды үйренді. Оқудан тыс уақытта Аяулым халықаралық студенттік іс-шараларға қатысты. Бұл іс-шаралар оған әртүрлі мәдениеттердің өкілдерімен танысуға, өзінің көзқарасын кеңейтуге және пайдалы байланыстар орнатуға көмектесті. Еуропада білім алудың ең басты артықшылықтарының бірі – Австрия, Италия, Испания, Франция, Чехия, Германия, Нидерланды, Бельгия және Словакия сияқты елдерге саяхат жасау мүмкіндігі болды.

 

Аяулымның айтуынша, шетелде білім алу тәжірибесі оны өзіне сенімді, икемді әрі күрделі тапсырмаларды шешуге дайын адам ете түсті.

 

Шетелде білім алу туралы толығырақ пікірлермен “Ақпараттық технологиялар” жоғары мектебінің @it.turan парақшасында таныса аласыздар.

 

“Ақпараттық технологиялар” жоғары мектебінің халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бойынша супервайзері – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ким Е.Р.

Online қабылдау