Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің студенттеріне арналған ашық есік күні

2025 жылдың 23 қаңтарында «Ақпараттық технологиялар» (АТ) жоғары мектебінде Ашық есік күні өтті, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің 30-ға жуық студентері қатысты.

 

Ашық есік күні білім беру бағдарламалары бойынша студенттер санын арттыру мақсатында университеттің, оның ішінде жоғары оқу орындарының кәсіптік бағдар беру іс-шараларына енгізілген.

 

Колледж білім алушыларының алдында: “Ақпараттық технологиялар” жоғары мектебінің директоры С.Т.Мамбетов “Мектептің білім беру бағдарламалары” тақырыбында, маркетинг және қабылдау комиссиясы департаментінің координаторы А. Цвиренко “Grant Project – ректордың ішкі грантын алу сатысы” тақырыбында, т.ғ.к. «АТ» жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Е.Р. Ким “Білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметі кәсіби құзыреттіліктерді іске асырудың негізі ретінде”тақырыбында сөз сөйледі.

 

Сонымен қатар, студенттер «Туран» университетінің АТ бағыты бойынша 6B06101 – Ақпараттық жүйелер, 6B06103 – Интеллектуалды робототехника, 7M06101 (7M06103) – Ақпараттық жүйелер, 7M06105 – IT қызметтерін басқару білім беру бағдарламаларына қабылдау ережелері мен инфрақұрылымы туралы толық ақпарат алды.

 

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойып, «АТ» жоғары мектеп және маркетинг департаменті мен қабылдау комиссиясының өкілдерінен толық жауаптар алды.

 

Ұйымдастырушылар – «АТ» жоғары мектеп сениор-лекторлары Молдакалыкова Б.Ж. және Бимолдина Ж.А.

Online қабылдау