Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжіндегі Ақпараттық технология жоғары мектебінің профориентациялық жұмысы

24 қаңтар 2025 жылы «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебі Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде өткен кәсіби бағдар PROFITIME күніне қатысты.

 

PROFITIME биылғы жылы Қазақстан Республикасында танылған кәсіби жұмысшылар жылына арналды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ерте кәсіби бағдар берудің маңыздылығын атап өтіп, бұл жұмысты мектептер мен колледждерде бастау қажеттігін жеткізді, өйткені мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің мамандық таңдау мәселесі әлі де өзекті болып табылады.

 

Колледж студенттері алдында Маркетинг департаменті және қабылдау комиссиясының координаторы Цвиренко А. сөз сөйлеп, «Туран» университеті, оның білім беру бағдарламалары, жеңілдіктер мен конкурстар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, техника ғылымдарының кандидаты, «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің қауымдастырылған профессорі Ким Е.Р. колледж студенттеріне жоғары мектептің 6B06101 – Ақпараттық жүйелер, 6B06103 – Интеллектуалды робототехника, 7M06101 (7M06103) – Ақпараттық жүйелер, 7M06105 – IT қызметтерін басқару білім беру бағдарламалары туралы және осы бағдарламалар бойынша білім алып жатқан студенттер контингенті туралы баяндады. Өз баяндамасында Ким Е.Р. БББ студенттерінің республикалық және халықаралық конкурстардағы жетістіктерін атап өтіп, 2025 жылы мектепте өткізілетін іс-шаралар туралы айтып берді.

 

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, олар «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебі мен маркетинг департаменті және қабылдау комиссиясының өкілдерінен толық жауаптар алды.

 

Ұйымдастырушы – «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің сениор-лекторы Молдакалыкова Б.Ж.

Online қабылдау