«Тұран» университетінің құқық жоғары мектебінде «Заң күші» тақырыбында қонақ дәрісі

2025 жылғы 18 ақпанда “Сапалы білім беру” ТДМ 4 іске асыру шеңберінде және М.В. Ломоносов атындағы ММУ заң факультеті мен “Тұран” университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес “Құқық философиясы” курсы бойынша 8D04201 – “Құқықтану” Білім беру бағдарламасының докторанттары үшін қонақ дәрісі өтеді.

 

Дәріс тақырыбы: “Заң күші”

 

Уақыты мен орны: 207 аудитория, 15:00 – 17:00.

 

Заң ғылымдарының кандидаты, ММУ заң факультетінің Конституциялық және муниципалдық құқық кафедрасының доценті Никита Сергеевич Малютин сөз сөйлейді. Ол сонымен қатар Мәскеу мемлекеттік университетінде бірқатар негізгі академиялық және ғылыми лауазымдарды атқарады.

 

 

Модераторлар:

 

  • Джұмабаева Қарлығаш Асильхановна Құқық жоғары мектебінің директоры, қауымдастырылған профессор, PhD докторы;
  • Момышева Фархия Саутбековна Құқық жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты.

 

 

Іс-шараны ұйымдастырушы – “Тұран” университетінің Құқық Жоғары мектебі.

 

Қонақ дәрісіне онлайн форматта қатысуға қалаушылар келесі сілтеме бойынша қосыла алады.

Online қабылдау