2025 жылғы 20 наурызда «Тұран» университетінің құқық ғылыми-зерттеу институты мен Құқық жоғары мектебі бейнемост форматында жас ғалымдардың VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференция профессор А.Ф. Әубәкіровті еске алуға арналған және жас зерттеушілердің – студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми және шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталған. Олардың сот ісін жүргізу саласындағы зерттеу және енгізу қызметіне басты назар аударылатын болады.
Конференция аясында қатысушылар мемлекеттік-құқықтық, азаматтық-құқықтық реттеу және құқық қорғау қызметінің инновациялары мен проблемаларына ғылыми талдау жүргізеді. Іс-шара білім алмасу және құқықтану, сот төрелігі мен мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін талқылау алаңына айналады.