2025 жылғы 18 ақпанда М.В. Ломоносов атындағы ММУ заң факультеті мен «Тұран» университеті арасында ынтымақтастық шеңберінде «Құқық философиясы» курсы бойынша «Құқықтану» 8D04201 бағдарламасының докторанттарына арналған қонақ дәрісі өтті. Лектор: Малютин Никита Сергеевич, заң ғылымдарының кандидаты, ММУ заң факультетінің конституциялық және муниципалдық құқық кафедрасының доценті. Сондай-ақ, ол магистратура бастығы және диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы қызметін қоса алғанда, ММУ-де бірқатар негізгі академиялық лауазымдарды атқарады.
Тақырыбы: «Заң билігі»
Модераторлар: Джумабаева Қарлыгаш Асильхановна – PhD доктор, ҚЖМ директоры, Момышева Фархия Саутбекқызы – ҚЖМ қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты
Дәріс құқық философиясы мен заң үстемдігі мәселелерін қозғай отырып, қызу пікірталас атмосферасында өтті. Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және дәріскердің терең талдамалық көзқарасын атап өтті.
Ұйымдастырушы: «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі.