🎭 Наурыз айы – ғылым, мәдениет және құқық айы

Осы айда сіздер үшін ең қызықты тақырыптарға арналған кітап көрмелерін дайындадық.

 

 

🤝 Қазақстан халқы ассамблеясы – Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеті, тарихы және дәстүрлері туралы кітаптар.

 

🎓 Алида Ашимбаеваның ғылыми жолы – ғалым-экономист, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты ғылыми қызметіне арналған кітаптар мен материалдар.

 

👩‍🎓 FemBooks – Халықаралық әйелдер күніне арналған көркем әдебиет көрмесі.

 

📚 Фемида – құқық, сот тәжірибесі және құқықтану туралы кітаптар. Бұл көрмеде келесі тақырыптар бойынша жарияланымдар: конфликтология, қылмыстық құқық, нотариат, адвокаттық қызмет, сот сараптамасы, көші-қон, халықаралық ғарыш, теңіз, әуе құқығы және т.б.

 

🔍 Crime Scene – жұмбақтар мен тергеулерді ұнататындар үшін. Хоррор, триллер, мистика, драма, детектив сияқты әртүрлі жанрдағы бестселлер. Агата Кристи, Ю Несбё, Александра Маринина, Стивен Кинг авторлар арасында.

 

🌿 Наурыз – мәдениет пен дәстүр, ұлттық тағамдар, музыкалық аспаптар туралы кітаптар. Түрлі-түсті басылымдар сізді бейжай қалдырмайды, келіңіздер.

Online қабылдау