«Жас Ғалым 2025-2027»

«Жас Ғалым» байқауы жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілердің сандық және сапалық құрамын құру, ғылымға дарынды жастарды тарту және қолдап тұру мақсатында жыл сайын өткізіледі.

 

 

2024 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ғылымды дамытудың келесі басым бағыттары бойынша 2025-2027 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурс жариялады:

 

  • Экология, қоршаған орта және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
  • Энергетика, озық материалдар және көлік;
  • Жетілдірілген өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;
  • Елдің интеллектуалдық әлеуеті;
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым;
  • Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік.

 

 

2025-2027 жылдарға арналған «Жас Ғалым» байқауының қорытындысы бойынша, осы беделді байқауда Тұран университетінің халықаралық қатынастар және дипломатия Жоғары мектебінің ассоциаланған профессоры Нуров М.М. жеңіске жетті!

 

Нуров Мархаббаттың жетістігі – бұл жоғары ғылыми шеберліктің, қажырлы еңбек пен жаңа білімге деген құштарлықтың айқын дәлелі болып табылады.

 

Бұл байқауда жеңіске жету – жеке табыс қана емес, ғылымның дамуына, еліміздің болашағына қосқан маңызды үлес. Бұл табыс жаңа жетістіктерге, перспективалы зерттеулер мен маңызды жаңалықтарға берік негіз болсын.

 

Сізге сарқылмас шабытты, әріптестеріңіз бен жақындарыңыздың қолдауын, жемісті еңбек және одан әрі ғылыми жетістіктерді тілейміз!

Online қабылдау