Қытайлық «Хэнъюнь Сянтай Білім беру технологиялары» компаниясы мен «Синосфера» компаниясының өкілдерімен кездесу

2025 жылғы 21 ақпан күні «Тұран» университетінде қытайлық «Хэнъюнь Сянтай Білім беру технологиялары» компаниясы мен «Синосфера» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ ҚХР студенттерінің біздің университетке түсу перспективалары талқыланды.

 

Тараптар білім беру саласындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасты, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін және серіктестік қарым-қатынастарды әрі қарай дамыту жолдарын қарастырды. Кездесу достық атмосферасында өтті, бұл ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделіктің белгісі болып табылады.

 

«Тұран» университеті халықаралық байланыстарды белсенді түрде дамытуын жалғастыруда, студенттерге көпұлтты білім беру ортасында оқу және өз әлеуетін халықаралық деңгейде жүзеге асыру мүмкіндіктерін ұсынады.

Online қабылдау