2025 жылғы 20 қаңтарда Астана қаласында «AMANAT» партиясының орталық аппараты ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің биылғы алғашқы кеңейтілген отырысы өтті

2025 жылғы 20 қаңтарда Астана қаласында «AMANAT» партиясының орталық аппараты ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің биылғы алғашқы кеңейтілген отырысы өтті.

 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесі мүшелерінің екінші құрамы бекітілді, оның құрамына Тұран университетінің зерттеулер мен инновациялық нәтижелерді коммерцияландыру орталығының директоры, PhD, Оразбекұлы Ерболат кірді.

 

Отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракцияларының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ахмет-Заки Дархан Жұмақанұлы және Жас ғалымдар кеңесінің кеңейтілген құрамы қатысты.

 

Күн тәртібіндегі басты мәселе Қазақстан Республикасының «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар жасау болды.

 

 

Солардың ішінде, атап өтетін өзекті ұсыныстар:

 

  1. «Ғылым және технологиялық саясат» туралы заңға «Ғалым мәртебесін» бекіту, «Жас ғалым» мағынасын айқындау; «Ғылымдағы академиялық еркіндік»; «Академиялық адалдық және этика нормасы»; «Ғалымдардың әлеуметтік, құқықтық статусы» туралы нормаларды толықтыру;
  2. ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясына «Жоғары ғылыми ұйым» ерекше мәртебесін бекіту. Осы мақсатта Заңның 11-бабына жоғары ғылыми ұйым тұрғысынан нақтылау ұсынылады;
  3. Академия дербестігін (автономды) қамтамасыз ету. Осыған байланысты, Академияны елдегі бірден-бір тәуелсіз автономды (құқықтық, қаржылық) ұйым ретінде орнықтыру. Осы мақсатта Ұлттық ғылым академиясына қатысты өкілеттіктерді өзгерте отырып, қолданыстағы Заңдағы Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзыретін қайта қарау ұсынылады;
  4. Академияны ғылыми қызметті басқару жүйесіне интеграциялау. Осы мақсатта Заңның 18-бабын толықтыру ұсынылады;
  5. Академияны елдегі ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру мен қорғаудың бірден-бір кепілгер ұйымы ретінде бекіту;
  6. ҚР ҰҒА толық мүшелерінің (академиктердің) бес жылдық ғылыми бағдарламасын орындау үшін республикалық бюджеттен арнайы қаржы көзін енгізу;
  7. Академия жанынан жұмыс істейтін арнайы лауазымды тұлға – ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары жөніндегі уәкілді (Ғылыми омбудсмен) құру;
  8. Заңға Ғылым бойынша Ұлттық баяндаманы дайындауды ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясын бекіте отырып, ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға (ВНТК) ұсынуды енгізу;
  9. Жас ғалымдар Кеңесі мүшелерін ғылыми бағыттар бойынша ҚР Парламенті мәжілісі жұмыс топтарына тарту, Жас ғалымдардың ұсыныстарын Парламентте заң қабылдауда қолдану, ескеру.
Online қабылдау