«Туран» университетінің коммерцияландыру орталығы HULT PRIZE DEMO DAY іс-шарасына қатысты

Алматы, 20.02.2025 ж. – “Туран” университетінің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталығы HULT PRIZE DEMO DAY іс-шарасына қатысып, студенттердің инновациялық идеяларын таныстыруға мүмкіндік алды.

 

Іс-шара барысында студенттік командалар жаһандық әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған стартап-жобаларын ұсынды. Коммерцияландыру орталығының өкілдері “Туран” университетінің кәсіпкерлікті қолдау, технологиялар трансфері және инновациялық экожүйені дамытудағы мүмкіндіктерін таныстырды.

 

Hult Prize – әлеуметтік өзгерістерге бағытталған студенттік стартаптарды қолдайтын халықаралық байқау. Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер тұрақты даму, экология, денсаулық сақтау және білім беру сияқты маңызды жаһандық мәселелерге шешімдер ұсынады.

 

“Туран” университетінің коммерцияландыру орталығының HULT PRIZE DEMO DAY-ға қатысуы университеттің инновациялық қызметті дамытуға, жас кәсіпкерлерді қолдауға және ғылымды бизнеске интеграциялауға деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл Қазақстан мен Орталық Азияда мықты инновациялық экожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Online қабылдау