2025 жылғы 26 ақпанда «Туризм» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері және Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің оқытушылары А.А. Эргешов пен А.В. Величко Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс тарихы: әр сурет – бір тағдыр» көрмесіне қатысты.
Көрмеде майдангерлердің фотоқұжаттары, марапаттары, Брест бекінісінің қабырғасынан алынған кірпіш фрагменті, ұшқыш-атқыш, кіші сержант Бахтураз Бейсекбаевтың жеке марапаттары, сондай-ақ Т. Бигелдинов, С.Д. Луганский, М. Ғабдуллин, С. Нұрмағамбетов, А. Хусаинов, Т. Қаумбаев және басқа да батырлардың жеке мұрағаттарынан алынған фотоқұжаттар қойылған.
Сонымен қатар, іс-шара аясында «Мұражайға сый» акциясы өтті, онда әрбір адам Ұлы Отан соғысының майдангерлері мен тыл еңбеккерлеріне тиесілі тарихи маңызы бар заттарды мұражай қорына тапсыра алды.