2025 жылдың 28 ақпанында Тұран университетінде Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан және қазақстандықтар» атты халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференцияның мақсаты – студенттер, магистранттар, докторанттар арасында Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін дамыту және халықтардың ерлігін мәңгі есте қалдыру, өскелең ұрпақты Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Жастарды елін, жерін құрметтейтін саналы азамат етіп тәрбиелеу, ерлік істерге тағзым етуге, ерлік пен батылдыққа, ата-баба рухына тағзым етіп, жеңіске сенуге баулу.
Конференцияға Алматы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты: Тұран университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «Қазақ-Америка университеті» халықаралық білім беру корпорациясы, «Менеджмент жоғары мектебі» мемлекеттік емес жекеменшік жоғары оқу орны (Мәскеу), Волгоград мемлекеттік университеті (Волгоград).