Тұран университеті Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың Әзербайжанға ресми іссапары аясында 4-5 наурыз күндері Баку қаласында өткен “Study in Kazakhstan” көрмесіне қатысты. Көрме барысында, жергілікті талапкерлерге Тұран университетінің білім беру бағдарламалары мен академиялық мүмкіндіктерін таныстырылды. Баку қаласындағы ADA университетінде Қазақстан және Әзербайжанның білім және ғылым саласы өкілдерінің бас қосуымен жалғасын тапты. Шараға Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Әзербайжан Республикасының Білім және ғылым министрі Эмин Амруллаев қатысты. Қос елдің ғылым және жоғары білім министрлерінің қатысуымен Қазақстан және Әзербайжанның жоғары оқу орындары арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.
Тұран университетінің халықаралық байланыс және докторантура жөніндегі проректоры, профессор Таяуова Гулжанат Жубаткановна аталған шара аясында Тұран университеті мен Ленкоран мемлекеттік университеті (Lankaran State University), Сумгайыт мемлекеттік университеті (Sumgayit State University), Әзірбайжан туризм және менеджмент университеті (Azerbaijan Tourism and Management University) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастық меморандумы аясында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту мүмкіндіктері артады.