Шакеева Ботакөз Орталық Азияны Француз зерттеу институтымен (IFEAC, Institut Français d’Études sur l’Asie) серіктестікте «Гуманитарлық ғылымдар үйі» қоры (FMSH, Fondation Maison des Sciences de l’Homme) жүзеге асырған ATLAS постдокторлық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту конкурсында жеңіске жетті. Ол үш ай бойы Лилль университетінде «Кандастардың қазақстандық қоғамға интеграциясының идентификация аспектілері» жобасы бойынша зерттеу жүргізеді.
ATLAS бағдарламасы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеушілерге 2 айдан 3 айға дейінгі мерзімге постдокторлық ұтқырлық гранттарын ұсынады. Ол шетел университеттерінде немесе ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейтін ғалымдарды қолдауға бағытталған және Францияда ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.