1 наурыз – Алғыс күні!

Алғыс айту күні — бұл шын жүректен ризашылық білдіріп, жақындарымызға, айналамыздағы адамдарға және өмірдің әрбір сәтіне алғыс айтатын ерекше күн. Біздің қоғамымыз үшін бұл күн тек қана қуаныш пен бақытты сәттерді емес, сондай-ақ өзгелерге көмек көрсету мен қолдау көрсетуге деген ерекше жауапкершілік сезімін де білдіреді.

 

Қасиетті рамазан айымен қатар келген осындай айтулы «Алғыс айту» күнінде университетіміздің «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің аға-эдвайзері Бимолдина Жаркын Ахметовна ұйымдастырған «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2-3 курс студенттерімен Қарасай ауданындағы «Карима» атты қарттар үйіне барып, қарттарымызға қуаныш сыйлау мақсатында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

 

Қарттар үйіндегі тұрғындар — өмірдің талай қиыншылықтарын өткеріп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосқан аяулы жандар. Олар біздің қоғамымыздың маңызды бір бөлігі және олардың өмір жолы мен тәжірбиесі жастар үшін қымбат қазына.

 

Алғыс айту күніне орай Қарттар үйіне арнайы бару арқылы оларға көңіл бөліп, қуанту мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада қарттарымызға арналған арнайы шағын концерт, сыйлықтар мен дастархан  ұйымдастырылды. Әрбір қартқа жылы сөздер мен алғыс айтылды. Әндер мен өлеңдер айтылып, қарттардың бірге ән шырқауына мүмкіндік берілді. Бұл олардың жан дүниесін жылытып, көптен бері сөнбей қалған жарқын естеліктерін жаңартты. Әрбір қартқа жеке-жеке сыйлықтар табыс етіліп, оларға көңіл бөлу өте маңызды болғандығы айтылды. Алғыс айту күні тек қарттарға ғана емес, бізге де өмірдің қадірін, әрбір сәттің бағасын білуді үйретті.

 

Қарттарымызға деген құрметімізді білдіріп, оларға шын жүректен алғыс айту арқылы біз олардың өмірлеріндегі маңызды бір сәтті мәнді ете алдық. Мұндай іс-шаралар тек алғыс айту ғана емес, сондай-ақ қоғамымыздағы үлкендердің өміріне тереңірек үңілу мен олардың қадірін түсіну үшін қажет.

 

Қарттарымыздың жүзіндегі жарқын күлкі мен бақытты көзқарастар біз үшін ең үлкен сый болды.

Online қабылдау