2025 жылғы 5-6 наурызында Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінде «Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу теориясы мен практикасы: өзара іс-қимылдың проблемалары мен перспективалары» атты XXVII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Құқық жоғары мектебінің директоры, PhD докторы К.А. Жұмабаева және заң ғылымдарының кандидаты, профессор Г.Т. Алаева қатысып, өз баяндамаларын ұсынды және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.