2025 жылғы 4-5 наурызда Баку қаласында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің, Әзірбайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Е.Амруллаевтың, Қазақстан Республикасының Әзірбайжандағы Елшісі А.Байелдің, Қазақстан мен Әзірбайжанның жоғары оқу орындарының ректорлары және өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан мен Әзірбайжанның жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел мен «Қазақстанда білім алу» көрмесі ұйымдастырылды. «Тұран» университетінің атынан университеттің сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры, қауымдастырылған профессор Гүлжанат Таяуова мен маркетинг және қабылдау департаментінің директоры Дана Нұртаева қатысты.
Осы шара барысында Қазақстан мен Әзірбайжан университеттері арасында ынтымақтастық туралы 40 келісімшартқа қол қойылды. Тұран университеті Әзірбайжан туризм және менеджмент университетімен, Ләнкәран мемлекеттік университетімен және Сумгаит мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.