Құқық жоғары мектебі оқытушысының қатысуымен «Еуропалық Одақтың құқығы және оны қолдану» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Еуропалық құқық және әлеуметтік ғылымдар орталығының ұйымдастыруымен «Еуропалық одақтың құқығы және оны қолдану» тақырыбында ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға халықаралық құқық саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар, соның ішінде Тұран университеті мен Алматы менеджмент университетінің профессорлары, сондай-ақ ҚазҰУ мен Францияның Саяси зерттеулер институтының магистранттары қатысты. Дөңгелек үстел аясында ЕО құқығының түрлі аспектілері, соның ішінде азаматтардың құқықтарын қорғау, салық заңнамасы, ғарыш қызметін құқықтық реттеу, цифрландыру, дербес деректерді қорғау және экологиялық құқық мәселелері талқыланды. Іс-шараға Құқық жоғары мектебінен ғылыми пікірталасқа өз үлесін қосқан заң ғылымдарының кандидаты Т.А. Тоқтыбеков қатысты. Дөңгелек үстел құқықтық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Online қабылдау