Тұран университеті мен Хазар университеті арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

2025 жылдың 5 наурызында университеттің сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры, профессор Таяуова Гүлжанат Жұбатқановнаның Әзірбайжан Республикасына сапары аясында Баку қаласында Хазар университеті мен Тұран университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Аталған меморандум университеттер арасында бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары, профессор-оқытушылар құрамымен тәжірибе алмасу және студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған.

 

Хазар университеті – Әзірбайжандағы өнер, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, сәулет, инженерлік және қолданбалы ғылымдар, экономика, менеджмент және бизнесті басқару, білім беру салаларындағы алуан түрлі мамандықтардың кең ауқымын ұсынатын, бір академиялық саясат пен принциптермен біріктірілген бірнеше тәуелсіз мектептерден тұратын алғашқы университет (khazar.org ).

Online қабылдау