Мәдениеттер тоғысында: Орталық Азия және Кавказ еврейлері (Мәскеу-Алматы, маусым 2025 ж.)

Еврей мұражайы мен толеранттық орталығының зерттеу орталығы (Мәскеу), Бен-Цви институты (Иерусалим) және «Тұран» университеті (Алматы) Орталық Еуразия зерттеулері қоғамының (CESS) қолдауымен XIX–XX ғасырлардағы «отаршылдық дәуірі» мен қазіргі кезеңдегі Орталық Азия мен Кавказдағы әртүрлі еврей топтарының және олардың басқа этностар мен конфессия өкілдерімен өзара әрекеттестігі мен ықпалына арналған III халықаралық конференцияны ұйымдастырады. Біз кең ауқымды тақырыптарды қарастырамыз, соның ішінде төменде көрсетілгендер (бірақ олармен шектелмейміз): Модернизация мен көші-қонның еврей қауымдарының өміріне әсері; Саяси белсенділік және билікпен өзара әрекеттестік; Жергілікті және шетелдік (еврей және еврей емес) халықпен қарым-қатынас пен өзара әрекеттестік; Мәдени тарих және ассимиляция процестері; Тілдер және тіл саясаты. Сонымен қатар, биыл ұйымдастырушылар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орталық Азия аймағына халықтардың жаппай қоныс аударуы мен демографиялық өзгерістеріне арналған секция өткізуді жоспарлап отыр. Бұл секцияға біз еврей тақырыбына ғана емес, жалпы осы мәселелерді зерттейтін ғалымдарды қуана қабылдаймыз.

 

Формат: конференция Мәскеуде 4 маусымда және Алматыда 2025 жылы 6-8 маусымда офлайн түрде өтеді. Онлайн-презентациялар да қабылданады. Қатысу үшін өтінімдер орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады (синхронды аударма қамтамасыз етіледі).

 

Өтінімді келесі сілтеме арқылы беруге болады. Өтінімдер 2025 жылғы 20 наурызға дейін қабылданады.

 

Іріктеу нәтижелері: 2025 жылғы 27 наурызға дейін.

 

Конференциядан кейін орыс және ағылшын тілдерінде рецензияланған мақалалар жинағын шығаруды жоспарлап отырмыз. Біз қатысушыларға Мәскеуде (2 түнге дейін) және Алматыда (3 түнге дейін) тұруды қамтамасыз етуге тырысамыз. Ұйымдастыру комитеті визалық қолдау көрсетпейді, бірақ ресми шақырту хатын дайындай алады. Жас зерттеушілер (магистранттар, докторанттар және диссертациясын қорғағанына 5 жылдан аспаған зерттеушілер) үшін бірнеше тревел-гранттары қарастырылған (өтінімде бұл туралы көрсетуді ұмытпаңыз).

 

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

 

  • Светлана Амосова — Еврей мұражайы мен толеранттық орталығының Зерттеу орталығының жетекшісі, Ресей Ғылым академиясының славистика институтының кіші ғылыми қызметкері (Мәскеу).
  • Анастасия Дека — Еврей мұражайы мен толеранттық орталығының зерттеу орталығының менеджері (Мәскеу).
  • Мария Зарх — Еврей мұражайы мен толеранттық орталығының зерттеу орталығы бағдарламаларының координаторы (Мәскеу).
  • Аблет Камалов — Алматы, «Тұран» университетінің өңірлік зерттеулер орталығының директоры, Орталық Еуразия зерттеулері қоғамының (CESS) Президенті.
  • Зеев Левин — Орталық Азия және Иран аймағындағы еврейлерді зерттеу орталығының директоры, Бен-Цви институтының Шығыстағы, Иерусалимдегі еврей қауымдастықтарын зерттеу бөлімінің маманы.
  • Елена Фоменко — Еврей мұражайы мен толеранттық орталығының зерттеу орталығының ассистенті (Мәскеу).

 

Сұрақтар мен хабарласу үшін: rc@jewish-museum.ru

Online қабылдау