Талдықорған қаласындағы Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің кәсіптік бағдар беру жұмысы

2025 жылғы 25 ақпанда «Ақпараттық технологиялар» (АТ) жоғары мектебі Талдықорған қаласының мектептері мен колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысы – талапкерлерді тарту және оларды кәсіби даму мүмкіндіктері туралы хабардар ету мақсатында жүргізілетін жоғары мектеп қызметінің бағыттарының бірі.

 

Қауымдастырылған профессор Е.Р. Ким және сениор-лектор Ж. А. Бимолдина қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Г. К. Қуандықовамен, “Agitka Team” студенттер тобымен, «Тұран» университетінің басқа жоғары мектептерінің өкілдерімен бірге Талдықорған қаласындағы мектептер мен Талдықорған политехникалық колледжіне барды.

 

Оқытушылар студенттермен бірге оқушылар мен колледж студенттерінің алдында сөз сөйлеп, ЖОО-ның инфрақұрылымы, түсу ережелері, гранттар мен жеңілдіктер, grant Project конкурсы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, мектептің әрбір өкілі өздерінің бакалавриат пен магистратурада оқытылатын білім беру бағдарламалары туралы айтып берді.

 

Студенттер жоғары мектептердің, маркетинг департаментінің және қабылдау комиссиясының өкілдеріне белсенді түрде сұрақ қойып, қызықтыратын мәселелері бойынша толық жауап ала алды.

Online қабылдау