25 ақпанда туризм және қонақжайлылық Жоғары Мектебінің оқытушылары Д. С. Қойчубаева мен М. А. Серік оқушылармен жұмыс жөніндегі ұйым-AgitkaTeam-мен бірлесіп Жетісу облысы Талдықорған қаласының мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Оқушылармен кездесу барысында оқытушылар мамандық, оның қазіргі қоғамдағы маңыздылығы, оқыту және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Оқушылар заманауи технологиялар мен креативті тәсілдің саланы қалай өзгертетінін және болашақ мамандар үшін жаңа көкжиектер ашатынын білді.
Жоғары сынып оқушылары белсенді сұрақтар қойып, практикадан, халықаралық тағылымдамадан өту және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты. Оқытушылар жан-жақты жауаптар беріп, ЖОО түлектерінің жетістіктері туралы әңгімелерімен бөлісті.
Мектептердің қатысуы: