Тұран университеті халықаралық әріптестік аясын кеңейтуді жалғастырып келуде. 2025 жылдың 5 наурызында университеттің сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры, профессор Таяуова Гүлжанат Жұбатқановнаның Әзірбайжан Республикасына сапары аясында Баку қаласында Әзірбайжан мемлекеттік экономика университеті мен Тұран университеті арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Аталған меморандум университеттер арасында бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары, профессор-оқытушылар құрамымен тәжірибе алмасу және студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған.
1930 жылы негізі қаланған Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университеті Оңтүстік Кавказ елдеріндегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі болып табылады (https://unec.edu.az/).