«Сентрас Секьюритиз» АҚ Басқарма Төрағасы «Қор нарығының негіздері» тақырыбында семинар өткізді

2025 жылдың 14 наурызында “Тұран” университетінде «Қор нарығының негіздері» тақырыбында семинар өтті. Баяндамашы – «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқарма төрағасы Талғат Қамаров.

 

Қаржылық сауаттылық және активтерді басқару бойынша семинар келесі пәндерді қамтыды: «Туризм және қонақжайлылықтағы есеп және аудит» және «Туризм және қонақжайлылықтағы инновациялық менеджмент». Қонақжайлылық индустриясында ақша ағындарын басқару тиімді басқарудың негізгі аспектісі болып табылады. Кездесу қаржылық сауаттылықтың маңызды аспектілерін қамтыды және студенттерге қаржылық менеджмент принциптерін жақсы түсінуге көмектесті, бұл қонақжайлылық индустриясының болашақ менеджерлері үшін өте маңызды. «Тұран» университетінің Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің студенттері кездесу тақырыбына қатысты да, «Сентрас Секьюритиз» АҚ-да тағылымдамадан өтуге және мансап құруға қатысты барлық қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

 

Мансап және көшбасшылық орталығы бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруды жалғастыруды жоспарлап отыр және оқиғалардан хабардар болу үшін Instagram желісіндегі @turan_career_center парақшасына жазылуды ұсынады.

Online қабылдау