Жедел жағдайлардағы EMD-хаттамасы: табысты семинар және жаңа ынтымақтастық!

16 наурызда “Тұран” университетінде  EMDR Kazakhstan Еуразиялық Қауымдастығының Психология жоғары мектебі қолдауымен ұйымдастырған ғылыми-практикалық семинары сәтті аяқталды. Семинар жедел жағдайларда EMD-хаттамасын қолдануға арналды және қатысушылар үшін дағдарыстық жағдайларда эмоциялық күйді тұрақтандырудың тиімді құралын меңгеруге бірегей мүмкіндік болды.

 

Спикерлер:

 

Шихова Ольга Михайловна: б.ғ.к., “Тұран” университеті Психология жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, отбасылық және клиникалық психолог, EMDR-терапевт, КПТ-психолог. Еуразиялық Когнитивті-мінез-құлықтық психотерапия Қауымдастығының (ЕКМПҚ) ұйымдастыру комитетінің мүшесі, Еуразиялық EMDR Қауымдастығының құрылтайшысы.

 

Гусейнова Нина Науфальевна: психология магистрі, клиникалық психолог, сертификатталған EMDR-практик, КПТ-психолог, символдрама әдісі бойынша оқытушы психотерапевт, brain-тренер. Алматы қаласы Еуразиялық Когнитивті-мінез-құлықтық психотерапия Қауымдастығының (ЕКМПҚ) бөлімінің төрайымы.

 

Іс-шара аясында “Тұран” университеті мен EMDR Kazakhstan Еуразиялық Қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім психологиялық ғылым мен практика саласындағы бірлескен жұмыс үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

 

Барлық қатысушыларға, жүргізушілерге және серіктестерге белсенді қатысқаны және қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Алынған білім мен дағдылар Қазақстан Республикасында психологиялық көмек көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді деп үміттенеміз.

Online қабылдау