Литва Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы «Тұран» университетінде

Бүгін, 2025 жылғы 18 наурызда Литва Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Гвидас Керушаускас «Тұран» университетінде «Литва. Тәуелсіздіктің 35 жылы – саяси өзгерістер мен экономикалық даму» тақырыбында қонақтық дәріс өткізді.

 

Дәріс барысында Гвидас Керушаускас Қазақстан мен Литва Республикасының тығыз, өзара тиімді және қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол Литва Республикасының тәуелсіздік тарихы, стратегиялық бағыттары, экономикалық дамуы және осы жылдар ішіндегі жетістіктері туралы кеңінен баяндады.

 

Қысқа мерзім ішінде Литва тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізіп, 2024 жылы көтерме және бөлшек сауданың артуын, сондай-ақ инвестициялардың 2,6%-ға өсуін қамтамасыз етті. Сонымен қатар, ел инфрақұрылымдық жобалар, ғылым мен технологиялар саласында жетекші орынға ие болды. Литва Республикасының қарқынды дамуы оның қазіргі заманның сын-қатерлеріне бейімделу қабілетін көрсетеді.

 

Дәріс барысында Господин Керушаускас Литвада білім алу мүмкіндіктері, гранттық бағдарламалар, литвалық білім берудің артықшылықтары мен басымдықтары туралы да айтып өтті.

 

Қорытындылай келе, Бас консул кез келген елдің ең басты капиталы – адами ресурс екенін ерекше атап өтті.

 

Дәріс мазмұнды, қызықты және танымдық тұрғыдан пайдалы болды. Барлық қатысушылар Г.Керушаускас мырзаға және оның командасына алғыстарын білдірді.

Online қабылдау