2025 жылғы 15 қаңтарда “Тұран” университетінде, White Hall залында, басқару командасының «Тұран» университетінің цифрлық жетілу профилі: ҚР жоғары білім беру жүйесінің жаңа сын-қатерлері» тақырыбындағы фасилитациялық сессиясы өтті.
Сессия университеттің цифрлық трансформациясының өзекті мәселелерін, цифрлық жетілу деңгейін бағалау әдістерін және білім беру процесін цифрландырудың стратегиялық бағыттарын талқылауға арналды.
Қазіргі уақытта цифрландыру бүкіл әлем бойынша даму басымдықтарының бірі болып табылады. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан экономикасы мен қоғамының «тотальды цифрландыруы» 2035 жылға дейінгі кезеңдегі негізгі басым бағытқа айналады. Осыған байланысты, «цифрландырудың талаптары» (білім беру, ғылыми-зерттеу қызметі және университетті басқару салаларында цифрлық технологияларды кеңінен қолдану қажеттілігі) ең маңызды бағыттардың бірі болмақ.
«Туран» университеті заманауи үрдістерді ескере отырып, білім беру үдерісін жақсарту және өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында цифрлық технологияларды енгізуде. Университеттің 2024-2029 жылдарға арналған даму стратегиясында 3-блок «Университеттің цифрлық архитектурасы» деп аталады және осы жылдарға арналған университеттің цифрландыру бойынша стратегиялық басымдықтарын толық сипаттауға бағытталған.
Бағдарлама аясында келесі баяндамашылар сөз сөйледі:
🔹 Л.А. Тусупова, әкімшілік қызмет жөніндегі проректор, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарының цифрлық жетілу деңгейін анықтау әдістемесін, сондай-ақ ұлттық рейтинг әдістемесі туралы баяндады.
🔹 С.А. Тусупова, Оқу-ісі департаментінің директоры, негізгі трансформациялық мәселелер (КВТ) және жоғары оқу орындарын цифрландыру критерийлері туралы баяндама жасады.
🔹 Д.И. Разақова, стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор, университеттің цифрлық архитектурасы мен оны дамытудағы ықтимал стратегиялық шешімдер жайында ақпарат берді.
Сессияның негізгі бөлімі аяқталғаннан кейін ашық пікірталас өтті, онда қатысушылар өзекті сұрақтарға жауап алып, университеттің цифрлық дамуының болашақ перспективаларын талқылады.
Фасилитациялық сессия “Тұран” университетінің цифрлық трансформациясын жүзеге асыру бойынша стратегиялық диалог үшін маңызды алаңға айналды.