Тұран Университеті мен Әзірбайжандық Білім Беру Саласындағы Компаниялары тобы «Hedef Group» басшылығымен келіссөз жүргізілді

Тұран университеті халықаралық әріптестік аясын кеңейтуді жалғастырып келеді. 2025 жылдың 4-6 наурызы аралығында Тұран университетінің сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры, профессор Таяуова Гүлжанат Жұбатқанқызының Әзірбайжан Республикасына сапары аясында Баку қаласында жергілікті «Hedef Group» білім беру компаниясының басшысы Шамил Садыг мырзамен келіссөздер өтті. Кездесу барысында Тұран университеті мен Әзірбайжанның білім беру орталықтары арасында болашақта жүзеге асырылатын бірегей ортақ жобалар талқыланды.

 

Сонымен қатар, 2025 жылдың мамыр айында Баку қаласында өтетін дәстүрлі «ІІ Түркі интеграциясы олимпиадасына» Тұран университеті әріптес ретінде қатысатын болды. Аталған олимпиада түркі халықтары арасында білім мен ғылымды насихаттауға бағытталған маңызды іс-шара болмақ.

Online қабылдау