II Turan Film Festival (TFF) Республикалық студенттік фильмдер кинофестивалі 14-18 сәуір, 2025 жыл

2025 жылдың 14-18 сәуір аралығында, Алматы қаласында, «Тұран» университетінің «Turan Film Academy» Жоғары Мектебінде – II Turan Film Festival (TFF) Республикалық студенттік фильмдер кинофестивалі өтеді. Осы шараға, сіздердің ЖОО шығармашылық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттеріңізді қатысуға шақырамыз!

 

Кинофестиваль ережелері және нұсқаулықтары:

 

  1. Конкурстық бағдарламалар:
    — Негізгі бағдарлама (Main Program). Бұл “өнер және гуманитарлық ғылымдар” білім саласындағы ҚР жоғары оқу орындарының шығармашылық мамандықтарының студенттеріне арналған конкурстық бағдарлама (бакалавриат: 2,3,4 курс, магистратура: 1,2 курс).Қатысуға жіберілетін фильмдер 2023 және 2025 жылдар аралығында аяқталуы керек;
    — “Айналайын” бағдарламасы (Best First Year Film) – “өнер және гуманитарлық ғылымдар” білім беру саласындағы ҚР ЖОО шығармашылық мамандықтарының 1 курс студенттерінің жұмыстарына арналған (фильмдер бакалавриаттың бірінші курсында оқу кезінде түсіріліп, аяқталуы тиіс);
  2. Кинофестивальге фильмді жіберу FilmFreeway платформасы арқылы жүзеге асырылады (тіркелу үшін платформа сайтындағы нұсқауларды орындаңыз). Анықтама: платформаға жобаны тіркеу кезінде пайдаланушыға фильмді тікелей Filmfreeway аккаунтына жүктеу немесе Vimeo, Youtube, Google Drive бұлтты қызметі сияқты үшінші тарап платформаларына алдын ала жүктелген фильмге сілтеме қою мүмкіндігі беріледі. Жобаны тіркеуді аяқтағаннан кейін сіз Filmfreeway-дегі Turan Film Festival аккаунтына кіріп, фильмді жібере аласыз немесе келесі сілтеме арқылы.
  3. Фильмдер форматы: байқау студенттік көркем қысқаметражды фильмдер бағыты бойынша өткізіледі. Хронометраж (ұзақтығы): 30 минуттан аспауы тиіс;
  4. Фильмдердің техникалық параметрлері:
    Фильм форматы (кодек): .mov (ProRes) немесе .mp4 (H264);
    Кадр сапасы мен көлемі: FullHD/FHD, 1920×1080;
    Дыбыс (битрейт): AAC (320 kbps).
  5. Фестивальді өткізу мерзімдері, тәртібі (іріктелген картиналарды көрсету, қазылар алқасының жұмысы, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі) және іс-шараның тақырыбын жыл сайын ұйымдастыру комитеті айқындайды және Turan университетінің сайтында, әлеуметтік желілерде және электрондық пошта арқылы тарату арқылы ҚР ЖОО-ларының назарына жеткізіледі;
  6. Кинофестиваль туралы хабарландырулар, оның ішінде шараны өткізуге қатысты өзгерістер Turan университетінің сайтында, Turan Film Academy жоғары мектебінің instagram аккаунтында және Filmfreeway платформасындағы кинофестивальдің аккаунтында көрсетіледі;
  7. Фильмнің субтитрлері мен тілі: конкурстық бағдарламаға іріктелген фильмдер қазақ тіліндегі субтитрлермен ұсынылуы тиіс (егер сурет ағылшын, орыс немесе өзге тілде болса). Егер фильм қазақ тілінде болса, онда орыс тіліндегі субтитрлерді қосқаныңыз жөн. Сонымен қатар, фильм авторлары ағылшын тіліндегі субтитрлерді екінші қатарға және басқа түсте қоса алады (мысалы, қазақ тіліндегі субтитрлердің астына).
  8. Фильмдерді ұсынудың соңғы күні (дедлайн): 28 наурыз, 2025 жыл.
Online қабылдау