№ 117 мектептегі кәсіби бағдарлау кездесуі

Құқық  жоғары мектебінің оқытушылары К.А. Беков., Т.А. Тоқтыбеков пен Г.Ш. Ааталықова № 117 мектеп түлектерімен кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға Құқық жоғары мектебінің білім беру бағдарламалары таныстырылды, заң білімінің артықшылықтары, одан әрі жұмысқа орналасу және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтылды. Жоғары сынып оқушылары заңгер мамандығы туралы пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, студенттік өмірі туралы көбірек білді. Мұндай кездесулер түлектерге болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға және табысты болашаққа сенімді қадам жасауға көмектеседі.

Online қабылдау