2025 жылғы 17-20 наурызда «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері үшін «Заманауи музей жобасы: өзекті нысандар мен әдістер» тақырыбында офлайн-онлайн форматта семинар-тренинг өтті. Аталған іс-шарада т.ғ.к., Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Файзуллина Г. Ш., спикер-жаттықтырушы болды. Жұмыс дәріс, практикалық жұмыс форматында, жоба идеяларын әзірлеу, оларды таныстыру және қорғау түрінде жүргізілді.
«Тұран» университеті «Әзірет-Сұлтан» қорық-мұражайы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Енді болашақта «Туризм», «Туризм және қонақжайлылық инновацияларының менеджменті», «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламалары студенттерінің басқа семинар-тренингтері мен өндірістік практикасы өтуі мүмкін.