2025 жылғы 20 наурызда Алматы қаласы Әділет департаменті «Туран» университетінің студенттері үшін «Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры» тақырыбында дәріс өткізді.
⠀
Кездесу барысында Конституциялық заңның негізгі аспектілері, оның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және келісу мәселелері қарастырылды.
⠀
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және болашақ мамандардың азаматтық санасын нығайтуға ықпал етеді.
⠀
Кездесуді ұйымдастырған: Алматы қаласы Әділет департаменті, Экономика және менеджмент жоғары мектебі, Тұран университетінің Мансап және көшбасшылық орталығы
⠀
Алматы қалалық Әділет департаментінің Instagram желісіндегі жарияланымына сілтеме.