Биылғы сәуір айын шабытқа толы, ерекше кітап көрмелерімен қарсы аламыз:
🤖 Мен, робот – технологиялар әлеміне терең бойлау! Робототехника оқулықтарынан бастап, комикстер мен қызықты антиутопияларға дейін – қазіргі және болашақтағы ақылды машиналар туралы осы жерден табасыз.
💻 Information Technology – бағдарламалау, алгоритмдер және IT-дамуға арналған кітаптар және т.б..
📡 Қабылдаушы, қалай естіліп тұр, қабылдаушы? – радиотехника, электроника және телекоммуникаци я көрмесі, «Тұран» университеті оқытушыларының еңбектеріне ерекше назар аударылады.
🔬 Science – Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күніне арналған көрме: наукометрия және өзекті ғылыми зерттеулер. Мереке Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орайластырылған.
📖 Ұлттық кітап күні – кітап оқуға шабыттандыратын және жаңа білім көкжиектерін ашатын көрме.