2025 жылдың 28 наурызында «Тұран» университетінде «Маркетинг және логистика» Жоғары мектебі ұйымдастырған маркетинг бойынша халықаралық студенттік сырттай Олимпиаданың үшінші туры өтті. Олимпиада «Маркетинг» мамандығын насихаттауға, дарынды жастарды анықтауға және «Тұран» университетінің магистратурасына түсу үшін Алматы университеттерінің білім алушыларын «Маркетинг» білім беру бағдарламасына тартуға бағытталған.
Олимпиада үш кезеңнен тұрды:
Олимпиадаға «Тұран» университетінің «Маркетинг» ББ, «Нархоз» университетінің, Алматы менеджмент университетінің, Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Халықаралық бизнес университетінің 3 және 4 курс студенттері және т.б. қатысты. Конкурсанттар жоғары білім деңгейін, креативті, шығармашылық тәсілді және заманауи маркетингтік үрдістерді түсінуді көрсетті.
Жүлделі орындарға ие болған Олимпиада жеңімпаздарына (I, II, III) дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Демеуші Қазақстандық Маркетинг Қауымдастығы болды.
Олимпиада жоғары деңгейде өтті, қатысушылар риза болып, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.