2025 жылғы 31 наурызда «Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің аймақтық зерттеулер орталығының директоры, профессор Аблет Каюмович Камаловтың шақыруымен, АҚШ-тың Калифорния штатындағы Пасадена политехникалық мектебінің оқушылары мен оқытушылары «Тұран» университетіне келді. АҚШ оқушылары Қазақстанның мәдениеті мен тарихымен танысу мақсатында Қазақстанға келді. Алматы қаласына 9-12 сынып оқушыларының 16 адамнан тұратын тобына мұғалімдер Амбер Бокуин, Алекс Мелонас және Мими Чэнь жетекшілік етті. Алматыда американдық оқушылар қаладағы тарихи және мәдени орындармен танысты, Медео мұз айдынына, Шымбұлақ тау-шаңғы курортына және қаланың орта мектептеріне барды. АҚШ қонақтарымен кездесуде «Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің директоры, профессор Алтынай Тулеуовна Мухамбедьярова Қазақстандағы білім жүйесі, «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» оқу бағдарламалары, студенттік өмір және «Тұран» университетінің жетістіктері туралы айтып берді. Профессор Камалов А.К. «Тұран» университетінің ғылыми-зерттеу жобалары мен шаралары, сондай-ақ студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы айтып өтті.