Құқық жоғары мектебінің тікелей эфир қорытындысы: ҚР Сот сарапшылары республикалық палатасының ағымдағы қызметі

19 наурызда сот сараптамасы саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен тікелей эфир өтті. Спикерлер: Қожамұратов Ғалымжан Октябрович – Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының Республикалық палатасы Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының басшысы, Джұмабаева Карлыгаш Асильхановна  –  Құқық жоғары мектебінің директоры, PhD докторы . Кездесу барысында Республикалық сот сарапшылары палатасы жұмысының негізгі аспектілері, сот сараптамасының өзекті мәселелері, кәсіби сын-қатерлер мен даму перспективалары талқыланды. Қатысушылар өз сұрақтарына жауаптар мен мамандардан құнды кеңестер алды. Эфирге қосылғандардың барлығына алғыс айтамыз. Біздің жаңартуларымызды қадағалаңыз, алда әлі көптеген қызықты іс-шаралар бар.

Online қабылдау