Құқық жоғары мектебінде «Студенттен судьяға дейін» эксклюзивті диалог өтті

27 наурызда «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Динара Бекенқызы Құйқабаевамен эксклюзивті сұхбат өтті. Спикер өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, құқықтану жолына, сот қызметінің қиындықтарына тоқталып, сот төрелігі саласында мансап құруды армандайтын студенттерге құнды кеңестер берді. Кездесу болашақ заңгерлерді шабыттандырып, білім мен практикалық ұсыныстармен алмасудың маңызды алаңына айналды. Мұндай іс-шаралар студенттерге заңгерлік мамандықты жақсы түсінуге және жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады.

Online қабылдау