«Франчайзинг шарты» тақырыбындағы қонақ дәрісі – Құқықтық қорғау және заңгерлік қызмет көрсету орталығының заңгер-кеңесшілер палатасының төрағасымен

“Туран” университетінің Құқық жоғары мектебінде «Франчайзинг шарты» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Спикер – заң ғылымдарының магистрі, «Құқықтық қорғау және заңгерлік қызмет көрсету орталығы» заңгер-кеңесшілер палатасының төрағасы – Олжас Төлегенұлы Әлімов. Дәрістің модераторы – заң ғылымдарының кандидаты, Құқық жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры – Салима Абдыкадыровна Сарина. Дәріс ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар франчайзингтің өзекті мәселелерін, оның құқықтық қырларын және тәжірибедегі қолданысын талқылады. Іс-шара аясында «Туран» университеті мен Құқықтық қорғау және заңгерлік қызмет көрсету орталығының Заңгер-кеңесшілер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Online қабылдау