2025 жылғы 29 наурызда профессор А.Ф. Аубакировтың еске алуға арналған «Университеттік құқықтық диалогтар: құқықтану, әділ сот жүйесі және мемлекет» атты халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция бейнекөпір форматында өтті. Шараны Құқық ғылыми-зерттеу институты мен «Туран» университетінің Құқық жоғары мектебі ұйымдастырды. Ғылыми диалогтың негізгі бағыттары Еуразиялық одақ мемлекеттерінің: Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің құқық және құқық қорғау салаларындағы инновациялар мен өзекті мәселелерге арналды. Бейнекөпір жұмысына 45 магистрант пен студент қатысты. Қатысушы білім беру ұйымдары: «Туран» университеті; Санкт-Петербург кәсіподақтар университетінің Алматы филиалы (Қазақстан); Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі (Қазақстан); Сүлеймен Демирел атындағы университет (SDU, Қазақстан); Гуманитарлық-техникалық мемлекеттік университеті (Орехово-Зуево қ., Мәскеу, Ресей); Ресей президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Оңтүстік Ресей басқару институты (Ростов-на-Дону қ., Ресей); Ресей кооперация университетінің Краснодар кооперативтік институты (Краснодар қ., Ресей); Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті (Гродно қ., Беларусь Республикасы). Конференция жоғары деңгейде өтті. Құқықтану, халықаралық құқық салаларындағы ғылым мен практиканың өзекті мәселелері анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды.