2025 жылдың 7-9 сәуірінен бастап Тұран университетінің интернационалдандыру стратегиясын іске асыру аясында профессор Хусейн Ұзынбойлу (University of Kyrenia, Солтүстік Кипр) “Академиялық жазылым” пәні бойынша PhD докторанттарға сабақ өткізді.
Дәрістердің негізгі тақырыбы: “Scopus және Web of Science импакт-факторы жоғары журналдарда мақалалар жариялау”. Шақырылған профессордың Scopus, Web of Science базаларында көптеген басылымдары бар және Хирш индексі жоғары болып табылады. Профессор жоғары рейтингті халықаралық журналдарды таңдау, сондай-ақ олардағы мақалаларды дайындау және жариялау ерекшеліктерімен бөлісті.
Бұл курсқа “Экономика”, “Менеджмент”, “Қаржы”, “Маркетинг”, “Психология”, “Құқықтану” білім беру бағдарламаларының докторанттары қатысты.