2025 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясында «Курсанттардың ғылыми шығармашылығындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету теориясы мен практикасының дамуы» тақырыбында конференция өтті. Осы маңызды шараға «Туран» университетінің Құқық жоғары мектебінің 2–3 курс студенттері ҚЖМ сениор-лекторы Абайқызы М ғылыми жетекшілігімен қатысты.
Біздің жеңімпаздар:
🔹 Ерланқызы А.
🔹 Құттымұрат А.
🔹 Мұхажанова А.
🔹 Нұрғазина А.
🔹 Дәрібай М.
🔹 Көбес С.
Студенттер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындар мен арнайы номинацияларға ие болды!
Құттықтаймыз және алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!