2025 жылдың 15 наурызында Туран университетінде IT саласының маманы Эдуард Ликпен мазмұнды кездесу өтті.Лекцияға 80-нен астам студент қатысып, IT-компаниялардың ішкі құрылымы, Frontend бағытындағы заманауи трендтер, мансаптық мүмкіндіктер және жұмысқа орналасуға қажетті басты дағдылар туралы құнды мағлұмат алды. Студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, тәжірибелік кеңестер айтылды.
Кездесу өте жоғары деңгейде өтті — атмосфера мазмұнды, шабыттандыратын және кәсіби болды.