6В02101 “Режиссура” ББ бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада (РСПО)

2025 жылдың 14-18 сәуір аралығында, Алматы қаласында, «Тұран» университетінің «Turan Film Academy» Жоғары мектебінде 6B02101 – «Режиссура» білім беру бағдарламасы бойынша, ЖОО студенттері арасындағы XVII республикалық пәндік олимпиада өтеді.

 

Олимпиадаға осы білім беру бағдарламасының бакалавриатында білім алып жүрген 2-3 курс студенттерін шақырамыз (әр ЖОО-дан 6 студентке дейін). Толық ақпарат олимпиада Ережесінде (ЖОО өкілдеріне жіберілген).

 

Өтетін орын мекен-жайы: Алматы қ., Достық көшесі, 110, Turan Film Academy жоғары мектебі, «Тұран» университеті.

 

Марапаттау салтанаты өтетін орын мен күні: 18 сәуір – Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 16A, Акт залы, 3-қабат, «Тұран» университеті.

 

Өтінім жіберу: tfa@turan-edu.kz

Online қабылдау