«Гендер және адам қауіпсіздігі бойынша Кеңесші» курсы

2025 жылғы 7-11 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Алматы қаласындағы Бітімгершілік операциялар орталығында «Гендерлік мәселелер және адам қауіпсіздігі бойынша кеңесші» курсы өтуде. Осы курста А.Т. Мұхамбедьярова, саяси ғылымдарының докторы, халықаралық қатынастар және дипломатия Жоғары мектебінің директоры белсенді қатысты.

 

Іс-шара Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің Қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық жоспары аясында өткізілуде.

 

Курсқа Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Түркіменстанның қорғаныс құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері кірді.

 

Курс бітімгершілік саласындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға, қауіпсіздік құрылымдарында гендерлік сезімталдықты дамытуға және адам құқықтарын қорғаудың әмбебап принциптерін ілгерілетуге ықпал етеді.

Online қабылдау