«Тұран» Университетінің Жоғары мектептерінің директорлары үшін «адамның психофизиологиялық жай-күйі мен өміршеңдігін реттеудің ғылыми-практикалық орталығы» (Санкт-Петербург қ., РФ) АКҰ-нан эмоционалдық күйзелудің алдын алу бойынша тренинг

2025 жылдың 4 сәуірінде «Тұран» университетінің 304-аудиториясында Жоғары мектеп директорларына арналған тренинг өтті. Бұл – кәсіби күйзеліске ұшырау мен стресске төзімділікті арттыруға бағытталған заманауи әрі тиімді құрал. Тренинг кәсіби күйзелістің өзекті мәселелерін талқылауға, атқарып отырған лауазымдағы стресске төзімділік деңгейін бағалауға арналды. Эмоционалдық күйзеліс синдромының алдын алу – білім беру саласындағы шығармашылық қызмет үшін аса маңызды.

 

«Тұран» университеті заманауи үрдістерді ескере отырып, білім беру үдерісіндегі атмосфераны жақсарту және білікті кадрлар үшін тартымдылықты арттыру мақсатында күйзеліске төзімділікті арттыруға бағытталған түрлі әдістерді енгізуде. Тренинг авторы – Никитина Анастасия, сертификатталған маман, Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы «Адамның психофизиологиялық күйі мен өміршеңдігін реттеу жөніндегі ғылыми-тәжірибелік орталығы» Автономды Коммерциялық емес Ұйымының бас директоры болып табылады.

 

Тренингтің мақсаты – басшыларды күйзелістік қажу белгілерін уақытылы анықтауға, тиімді әдістер мен шешімдерді таңдауға мүмкіндік беретін құралдармен қамтамасыз ету. Бұл жұмыс тиімділігін арттыруға және кәсіби әл-ауқатты, өздерімен қатар әріптестері үшін де сақтауға септігін тигізеді.

 

 

Ойынның қатысушылары үшін қойылған міндеттер:

 

  • Өзіндік эмоционалдық жағдайын диагностикалау;
  • Жұмыстағы созылмалы күйзелістің себептерін талдау;
  • Дағдарыс жағдайларын шешу және жеке мақсаттарды қою үшін рөлдерді бөлу;
  • Күйзелістік қажудың алдын алу және денсаулықты қалпына келтіру әдістерін анықтау;
  • Жеке өмір мен жұмыс тиімділігі арасындағы тепе-теңдік стратегиясын әзірлеу;
  • Әріптестерден қолдау мен жанашырлық алу;
  • Жаңа әсерлерге толы интеллектуалдық демалыс.

 

Ойын нәтижелері таңғалдырды: қатысушылар күйзелістік қажудың белгілерін өз бетінше анықтап, күйзеліске төзімділікті арттыру жолдарын табуды үйренді.

 

Ойынның негізгі құралдары – бұл сұрақтар, себептер және ықтимал шешімдер.

 

Эмоционалдық күйзелудің алдын алу және психологиялық күйзеліске төзімділік бойынша тренинг «Тұран» университеті мектептері аясында басқару құралдарын іріктеудің негізгі бағыттарын айқындауға және стратегиялық диалог жүргізуге арналған маңызды алаңға айналды.

Online қабылдау